ОПЕК мұнай өндіруді азайтуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК мұнай өндіруді азайтуы мүмкін

17.09.2014
ОПЕК мұнай өндіруді азайтуы мүмкін

ОПЕК мұнай өндіруді азайтуы мүмкін. Бұл туралы мұнай өндіруші елдер ұйымының бас хатшысы әл-Бадри мәлімдеді. Оның айтуынша, қараша айынан бастап тәулігіне 29,5 миллион баррель мұнай өндірілуі ықтимал.

Сондай-ақ, ол әлемде мұнай бағасының төмендеуі тек маусымдық құбылыс деп айтты. «Мен мұнай бағасының көтерілгеніне де, түскеніне де талай куә болғанмын. Бұл уақытша құбылыс», деді бас хатшы.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу