Иранда өткен аптада басталған парламенттік және сарапшылар кеңесіне сайлауға дауыс беру бюллетендері саналып жатыр.
Алдын ала қорытындыларға сай, көпшілік ел Президенті Хасан Рухани бастаған реформаторларды құптаған. Сарапшылардың пікірінше, консерваторларға қарағанда реформашыл күштердің позициясы күшейсе, бұл Иран тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы болмақ.
Дауыс беру кезінде ирандықтар 4 жылдық мерзімге парламент депутаттарын және 8 жылдық мерзімге сарапшылар кеңесіне 88 рухани тұлғаны сайлайды. Ел халықаралық санкциялар құрсауынан босағалы алғаш рет өткен сайлауда халықтың 58 пайызы өз таңдауын жасаған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ