Ресей ұсынған Сирия жөніндегі қарар қабылданбады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей ұсынған Сирия жөніндегі қарар қабылданбады

20.02.2016
Ресей ұсынған Сирия жөніндегі қарар қабылданбады
Сирия егемендігіне қолсұғушылықты тоқтатуды талап ететін құжатты кеңестің 6 мүшесі қолдаған жоқ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ресей ұсынған Сирия жөніндегі қарарды қабылдамады. Сирия егемендігіне қолсұғушылықты тоқтатуды талап ететін құжатты кеңестің 6 мүшесі қолдаған жоқ.

Олардың арасында АҚШ, Франция мен Ұлыбритания бар. Бұлардың пікірінше, ресейлік жобаның болашағы жоқ және ол Сирияны тығырыққа апарады.

Ресей Сирияға байланысты резолюцияны өзінің Түркиямен шекарасындағы ахуал шиеленісіп кеткен соң, Біріккен Ұлттар Ұйымының талқысына салған болатын.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу