Мәжілісте ет экспортына қатысты мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте ет экспортына қатысты мәселелер талқыланды

16.09.2014
Мәжілісте ет экспортына қатысты мәселелер талқыланды

Бүгін депутаттардың алдына келген Асылжан Мамытбеков келер жылы 25 мың тонна ет экспорттаймыз, деді. Іс іргелі болса, министрлік 60 мың тонналық межені еңсермек.

Бірақ, Дариға Назарбаева бастаған депутаттық топ бұған сенбейді. Олар үшін ішкі сұранысты қамтымай, сыртты жарылқаймыз деу ертегідей көрінді.

Бізде жайылымдарды реттейтін Заң жоқ. Осы олқылықты жойсақ, біраз кемшілік түзеледі дейді депутаттар.

Сондай-ақ, бүгін Мәжілісте Кедендік әкімшілендіру туралы Заң жобасы таныстырылды. Жоба аясында тауарларды тасымалдау кезіндегі жеңілдіктерді тиімді қолдану үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі әзірленбек.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу