Михаэль Шумахердің ем-домы үшін 25 млн еуро жұмсалыпты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаэль Шумахердің ем-домы үшін 25 млн еуро жұмсалыпты

15.02.2016
Михаэль Шумахердің ем-домы үшін 25 млн еуро жұмсалыпты
Михаэль Шумахердің ем-домы үшін 25 млн еуро жұмсалыпты

«Формула-1» жарысында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы болған әйгілі спортшы Михаэль Шумахерге демеушілері қаржылай қолдау көрсетуді доғарды. Өйткені, спортшы 2013 жылы Альпі тауларында шаңғымен сырғанап жүргенде жараланып қалған еді. Содан бері спортшыны емдеуге 25 млн еуро жұмсалғаны белгілі болды.

Михаэль Шумахердің ем-домы үшін 25 млн еуро жұмсалыпты
Әйгілі спортшы тауда мертіккенен кейін 5 рет операция жасалды. Тілге келе алмайтын халге жеткен спортшыны ауруханада бағып-қағу үшін аптасына 191 мың еуро жұмсалып келіпті. Өзге ем-дом шығындарын қосқанда үш жыл ішінде спортшыға 25 млн еуро қаржы кеткен. Шумахердің денсаулығын қалпына келтіру үшін 15 медицина персоналы күні-түні қызмет етіп жатыр. Спортшының отбасы бұдан былай ем-дом шаралары үшін қаржы таба алмай қалуы да ықтимал. Өйткені, Шумахер не қимылдай алмайтын, не сөйлей алмайтын халде. Спортшының айы оңынан туып тұрған кезде топырлап жүрген демеушілердің қазір бірі де жоқ.


Михаэль Шумахерге кезінде демеуші болған Ferrari де, Mercedes-Benz те, германиялық Deutsche Vermögensberatung инвестициялық компаниясы да, спорттық дулығалар жасаушы Schuberth фирмасы да, сағат шығаратын Audemars Piguet те, ауыз су шығаратын Rosbacher де, Navyboot текстил компаниясы да жым-жырт. Кезінде спортшыға демеуші болған 20 ға жуық фирманың қазір бірде біреуі оның халіне алаңдамайтын сияқты. Оған көмек көрсетпек түгілі, бұл фирмалардың өкілдері оған хабарласуды да қойыпты. Ал, спортшының отбасы екі жылда жеке ұшақ пен виллаларын сатқан. Бірақ, олардың жалпы құны 23 млн еуро болыпты.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу