Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктері қарастырылған меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктері қарастырылған меморандумға қол қойылды

16.09.2014
Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктері қарастырылған меморандумға қол қойылды

Еңбек саласындағы өзара әріптестікті Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы мен Кәсіподақтар федерациясы қолға алуда.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы араласқан бизнесте әкімшілік кедергілер азаятын болады.

Меморандумның мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек дауларының алдын алу, болдырмау, болса бірлесіп шешу.

Жұмысшыларға жалақысын уақтылы беріп, демалысқа шығуын қадағалау, жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру.

Бұл бойынша салалық және өңірлік комиссиялар да жұмыс істейтін болады. 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу