Қытайда жүздеген мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жүздеген мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін

26.01.2016
Қытайда жүздеген мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін
Қытайда капиталдың сыртқа шығарылуы рекордтық деңгейге жетті. Ал, болат өндірісі қуатының төмендеуінен жүздеген мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін.

Бұған қоса, бүгін бұл мемлекеттің биржалары құлдырап, Азияның өзге елдерінің қор нарықтарына кері әсер етіп отыр.

Ал, осыдан бірнеше сағат бұрын елдегі қор нарықтарында индекстер 6 пайызға түсті. Оған мұнай бағасының төмендеуі ғана емес, елдің индустриялдық өсім көрсеткіштерінің аса жоғары болмауы себеп.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу