Күрд саясаткері өз халқының тәуелсіздік алатын күні жақын екендігін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрд саясаткері өз халқының тәуелсіздік алатын күні жақын екендігін мәлімдеді

23.01.2016
Күрд саясаткері өз халқының тәуелсіздік алатын күні  жақын екендігін мәлімдеді
Күрд саясаткері өз халқының тәуелсіздік алатын күні  жақын екендігін мәлімдеді

Cолтүстік Ирак күрд автономиясының басшысы Месут Барзани тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құратын кезең жақындағанын мәлімдеді. Ағылшынның The Guardian газетіне берген сұхбатында саясаткер 1916 жылы жасырын түрде жасалған Сайкс-Пико келісімі бұдан былай іске жарамайтындығын мәлімдеген.

Барзанидің айтуынша 1916 жылы Ұлыбритания мен Франция, кейінірек Ресей мен Италия бірлесіп Таяу Шығыстағы мүдделер бөлінісі туралы келіскен. Өңірдің картасы да сол келісім негізінде сызылса керек. Енді аймақты үлкен өзгерістер күтіп тұрған көрінеді. Барзани Ирак пен Сирияда бұрыңғыша тұрақтылық орнату мүмкін болмайтындығын айтқан. Сондықтан, өңірдегі түрлі этникалық топтардың мүдделерін ескеру керек.

Күрд саясаткері 2003 жылдан бері Солтүстік Ирак күрд автономиясының Бағдат билігіне қарсы келмегенін, бірақ, Иракта этникалық топтардың бейбіт өмір сүруі қиындап кеткенін айтқан. Автономия мен орталықтың арасында шиеленіс күн санап ушығып келе жатыр. Сол себепті, Барзани өткен жылдың соңында Күрдістанның тәуелсіздігі туралы референдум өткізуге әзірлік жасау жөнінде тапсырма беріпті. Оның ойынша күрдтер тәуелсіз ел құрар болса, ол Ирак пен Сирия аумағында құрылуы мүмкін.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу