АҚШ пен Иран тұтқындағы азаматтарды алмаса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Иран тұтқындағы азаматтарды алмаса бастады

18.01.2016
АҚШ пен  Иран  тұтқындағы азаматтарды алмаса бастады
АҚШ пен  Иран  тұтқындағы азаматтарды алмаса бастады

АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы салынған экономикалық санкциялардың алынуына байланысты мәлімдеме жасады. Ол Иранға ядролық қару жасауға мүмкіндік берілмегендігін атап өткен. Сонымен қатар Барак Обама: «Егер Иран бізді алдағысы келсе, тағы да ярдолық қару жасауға талпынар болса, онда тұтылады» деді.

Барак Обама Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзаққа созылған келіссөздер кезінде дипломатияның айырықша рөл атқарғанын атап өткен. P5+1 форматындағы келіссөздер нәтижесінде Иран ядролық қару жасау ниетінен бас тарты. Бірақ, ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта пайдалау мүмкіндігі бар. Дегенмен, АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас әлі толық жақсарған жоқ. Екі жақтың келіспейтін тұстары да көп. Алайда, дипломатиялық қарым-қатынаста ілгерілеу байқалады.

Өткен аптада Иран Парсы шығанағында тұтқындалған америкалық әскерилер мен 2 қайықты босатқан болатын. Енді екі жақта тұтқында отырған азаматтарды алмастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Барак Обама Иран түрмелерінде отырған америкалықтарды босату мәселесінің тез шешілуі үшін Мемлекеттік хатшы Джон Керриге нақты тапсырмалар бергенін, өзінің Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескенін айтқан. Оның айтуына қарағанда қазірдің өзінде Иранда тұтқында отырған «Вашингтон Пост» тілшісі Джейсон Ризаян, әскери теңізші Эмир Мирза Хикмети, эпископ Сайд Абидини, Рустеруллах Хусреви, студент Матвей Тревитхикті ресми Тегеран босатқан көрінеді. Ал, АҚШ өз түрмелерінде жатқан 7 Иран азаматын босататындықтарын мәлімдеді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу