1942 жылы өндірілген ұшақпен 20 мың шақырым ұшып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1942 жылы өндірілген ұшақпен 20 мың шақырым ұшып өтті

09.01.2016
1942  жылы өндірілген ұшақпен  20 мың  шақырым ұшып  өтті
1942  жылы өндірілген ұшақпен  20 мың  шақырым ұшып  өтті

Британдық ұшқыш 1942 жылы өндірілген ұшақпен 20 мың шақырым қашықтықты ұшып өтті. BBC-дің хабарлауында британдық ұшқыш-әйел Трейси Кертис-Тейлор Англиядан Австралияға дейін ұшып барған.


Ол 1942 жылы шығарылған әрі ұшқыш отыратын кабинасы ашық бипланмен Ұлыбританияның Хэмпшир графтығындағы Фарнборо қаласынан ұшып шығып Австралияға дейін барған. 53 жастағы ұшқыш жолда 23 елде, 50 рет ұшағын қондыруға мәжбүр болыпты. Өйткені, ұшаққа жанар май құйған. Алайда, Тейлор 1930 жылы Англиядан Автралияға дейін ұшып барған алғашқы әйел ұшқыш Эми Джонсонның жолымен ұшып өтсе керек.

Ұшқыш өзінің сапары кезінде Еуропа мен Жерорта теңізінің үстінен, Иордания мен Аараб шөлінен, Оман шығанағынан ұшып өткен. Сондай-ақ, Пәкістан, Үндістан мен Оңтүстік Шығыс Азия аспанын да көктей өтіп, Австралияға жеткен. Ұшқыш Эми Джонсон ұшқан кездегідей ашық кабиналы бипланды қолданыпты. Тек Тейлордың ұшағы сәл жаңалау. Яғни, 1942 жылы өндірілген биплан.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу