Семейде кәсіпкерлікке қолдау көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде кәсіпкерлікке қолдау көп

12.09.2014
Семейде кәсіпкерлікке қолдау көп

Мемлекет қолдауының арқасында өңірлерде шағын және орта бизнес дамып келеді. Семейлік Жанаргүл Жұмағалиева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, 9 жыл бұрын кондитерлік цех ашқан.

Қазір онда 30 адам еңбек етіп жүр. Күніне 300 келіден астам кондитерлік өнімдер дайындалады.

Жанаргүл бизнесмендерге арналған оқу тренингтері мен семинарлардан да қалмайды. Жақында «Іскерлік байланыс» бағдарламасы шеңберінде Америкаға аттанбақ.

Мемлекеттік жоба аясында ол жақтан тегін білім алып, тәжірибе жинақтап қайтады.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу