Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы жарық көрді

19.12.2015
Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы жарық көрді
Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы жарық көрді

NASA Жер шарының Айдың орбитасынан түсірілген жаңа көрінісін жариялады. Жоғары сапада түсірілген бұл фото агенттіктің сайтында тұр.

Жердің Ай бетінен көрінетін ең сәтті фотосын 1972 жылы Аполлон 17 экспедициясының мүшесі Харрисон Шмидт түсірген болатын. 29 мың шақырым биіктіктен түсірілген Blue Marble деп аталатын сурет еді ол. Бұл фото күні бүгінге дейін Жердің ғарыштан түсірілген фотоларының үздігі саналатын. Алайда, NASA жариялаған жаңа фото одан да асып түсті.

Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы жарық көрді
1972 жылы Ай орбитасынан түсірілген фото.

Lunar Reconnaissance Orbiter (LRO ) жобасының ғылыми жетекшісі Ной Петро: «Бұл керемет көрініс. Жердің Ай бетінде жаңадан көріне бастаған сәтін осыдан 43 жыл бұрын Аполлон 17 ғарыш кемесінде болған астронавт Харрисон Шмидт түсірген еді. Сол суретте де Африка құрылығы көрініп тұратын»,- деді. Ал, жаңа фотода да Африка құрылығы байқалады. Суретте Сахара шөлі. Сауд Арабиясы, Оңтүстік Американың Атлант және Тынық мұхиттарымен түйсіетін жағалаулары анық көрінген. Суретті LRO немесе «Айдың жасанды серігі» аталатын ғарыштық станса түсірген. Фото 12 қазан күні түсіріліпті. Ол кезде LRO Ай бетінен 134 шақырып биіктікте ұшып жүрсе керек.

LRO стансасында бірнеше фото және видекамера бар екендігі айтылады. Солардың бірі NAC (Narrow Angle Camera) аталатын камера ақ-қара түсті фотолар түсірсе, WAC (Wide Angle Camera) камерасы түрлі-түсті фотолар түсіруге арналған. Жердің Ай орбитасынан түсірілген жаңа фотосы екі камераның «туындысы». Өйткені, ақ-қара түсті фотолар түсіретін камера фотоның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етсе, WAC суреттің түрлі-түсті болуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде Ай орбитасынан Жердің ең сапалы көрінісі фотоға түсірілді.

kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу