Time журналы жыл адамын таңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Time журналы жыл адамын таңдады

09.12.2015
Time  журналы жыл адамын таңдады
Time  журналы жыл адамын таңдады

Америкалық Time журналы жыл сайын өткізетін «Жыл адамы» сауалнамасының қорытындысын жариялады. Биыл журнал оқырмандары «Жыл адамы» ретінде Германия канцлері Ангела Меркелді таңдады.

Журнал Меркелге «Азат әлемнің канцлері» деген атақ берді. Сөйтіп, Германия канцлері 1927 жылдан бері бұл журнал «Жыл адамы» ретінде таныған төртінші әйел атанып отыр. Ал, журнал соңғы рет әйел адамды үздік қайраткер ретінде осыдан 29 жыл бұрын таңдаған болатын.

Time журналы Меркелді Еуропа елдерінің біразындағы қарыздар, босқындар мәселелерін, түрлі халықаралық шиеленістерді шешуге деген ұмтылысы үшін жоғары бағалаған көрінеді. Дегенмен, соңғы сәтке дейін «Жыл адамы» атануға үміткерлер саны 8 адам болды.

Олардың арасында Меркелмен қатар Ресей президенті В.Путин, АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп, Иран президенті Хасан рухани, АҚШ-та полицияның зорлық-зомбылық жасауына қарсы күресіп жүрген «Black Lives Matter» ереуілшілері және басқа да үміткерлер болған еді. Тіпті, журнал «Жыл адамы» атануға лайық адамдардың қатарына Ирак пен Сириядағы терористердің жетекшісі Әбу Бакір Бағдадиді де қосқаны бар. Ол журналдың тізімінде екінші орында тұр.


Kaznews.kaztrk.kz

Фото time.com сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу