Жекешелендірудің екінші толқынында нысандар тек қана электронды форматта сатылады. Сәйкесінше, қағаз жүзіндегі сауда болмайды. Қазір сатып алушылардың аты-жөнін жариялауға келісім алу туралы мәселе қарастырылуда.
«Самұрық-Қазына» қоры сатылымға шығарған компаниялардың ішінде «Қазақстан темір жолы» құрамынан 9 компания бар. Оның да активтері электрондық конкурс тәсілімен сатылады және арнайы талап қойылды. Жалпы, жекешелендірудің екінші толқынында 43 нысан сатылады.