Биыл 8 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,1 пайызға жетті. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осыны жеткізді.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш өткен айлармен салыстырғанда 0,1 пайызға өскен. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында сөз алған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова осы айдан бастап, қордың 14 компанияны сатуға шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.
Алмат ӘБДІРАМАН