Күрд жасақтары Синджар қаласына шабуылды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрд жасақтары Синджар қаласына шабуылды бастады

12.11.2015
Күрд жасақтары Синджар қаласына шабуылды бастады
Бұл шаһарды ИЛИМ қарулы тобы былтыр басып алып, мыңдаған езидті өлтіріп, құлдыққа жеккен еді.

Ирактағы күрд жасақтары елдің солтүстігіндегі Синджар қаласын қайтару операциясын бастады. Бұл шаһарды ИЛИМ қарулы тобы былтыр басып алып, мыңдаған езидті өлтіріп, құлдыққа жеккен еді.

Күрдтерге қазір АҚШ әуе күштері көмектесіп жатыр. Олар ең алдымен экстремистердің қару-жарақ пен құрал-жабдық таситын негізгі жолын бақылауға алмақ.

Синджар ДАИШ-тың Ирактағы астанасы Мосул мен Сириядағы астанасы Ракканы байланыстыратын жолдың бойында орналасқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу