Швеция шекарасындағы бақылау қайта жүргізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швеция шекарасындағы бақылау қайта жүргізілмек

12.11.2015
Швеция шекарасындағы бақылау қайта жүргізілмек
Бұл мигранттардың елге көптеп ағылуымен байланысты қабылданған шешім.

Швеция шекарадағы бақылауды қайта жүргізетін болды. Бұл мигранттардың елге көптеп ағылуымен байланысты қабылданған шешім.

Жергілікті Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, босқындардың көші Корольдықтағы қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, бүгін күндіз шекарадағы тексеру басталады. Және ол 10 күнге созылады.

Германия мен Даниядан жеткен пойыздар, автобустар мен паромдардың жолаушылары тексеріледі.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу