Бурундиде халықты күштеп қарусыздандыру науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурундиде халықты күштеп қарусыздандыру науқаны басталды

09.11.2015
Бурундиде халықты күштеп қарусыздандыру науқаны басталды
Бұл шараға полицейлермен бірге әскерилер де тартылып отыр.

Бірінші рейд ел астанасының Мутакура ауданында жүргізілді. Үкімет өкілдерінің айтуынша, қаруды табу үшін электрондық детекторлар қолданылып жатыр.

Жексенбіге қараған түні Буржумба қаласындағы барлардың біріне қарулы топ басып кіріп, 9 адамды атып кеткен. Бұл қанды оқиға Президенттің арсеналды тапсыру туралы ультиматумының мерзімі аяқталуға бірнеше сағат қалғанда болған.

Айта кетсек, биыл көктемнен бері Бурундиде биліктің жақтастары мен қарсыластары арасындағы қақтығыстардан 200-дей адам қаза тапты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу