Ғаламдық жылыну салдарынан 2030 жылға қарай әлемде кедейлердің саны 100 миллионға артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаламдық жылыну салдарынан 2030 жылға қарай әлемде кедейлердің саны 100 миллионға артуы мүмкін

09.11.2015
Ғаламдық жылыну салдарынан 2030 жылға қарай әлемде кедейлердің саны 100 миллионға артуы мүмкін
Бұл турасында Дүниежүзілік банктің баяндамасында айтылған.

Құжатта келтірілген деректерге сай, бұл процестің алдын алу үшін тиімді шаралар қолға алынбаған жағдайда, Африкада азық-түлік бағасы шамамен 20 пайызға өсіп, дүниежүзінде мигранттардың саны көбейе түспек.

Қаржы мекемесі өз баяндамасын 70 мемлекет өкілдерінің пайдаланылған газдарды атмосфераға шығаруды қысқарту мәселесіне арналған кездесу қарсаңында жариялады.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу