Түркияның 18 провинциясында 44 шенеунік пен полиция өкілі тұтқындалды. Олар «құпия әскери құжаттарды» сақтады деп айыпталып отыр. Жалпы, 2013 жылы қозғалған даулы іс бойынша 357 адам тергеліп жатыр. Олар елде мемлекеттік төңкеріс жоспарлады деп айыпталған Фетхуллах Гюленнің сыбайластары деген күдік бар.
Қазір Түркияда оппозициялық бағыттағы газет-журналдар мен телеарналарға қарсы рейд күшейді. Мәселен, сейсенбіде «Нокта» журналының бас редакторы мен жауапты хатшысы тұтқындалған. Олар да әскери төңкеріс бастамақ болды деп айыпталып отыр.
Арыстан РЫСБЕК