«Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың құлауы, Ресей тарихындағы ең ірі әуе апаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың құлауы, Ресей тарихындағы ең ірі әуе апаты

02.11.2015
«Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың құлауы, Ресей тарихындағы ең ірі әуе апаты
Қазанның 31-і Мысырдан Санкт-Петербургке қайтып бара жатқан жолаушылар ұшағы, Синай түбегіне құлап, туристер түгелдей қаза тапқан.

Бірнеше күннен бері ресейлік және мысырлық құтқарушылар апат болған жерді зерттеп, қайтыс болғандардың мүрделерін Санкт-Петербургке жеткізе бастады.

Мамандар оқиға орнынан қара жәшікті тауып, оны зерттеуге кірісті. Дегенмен сарапшылар ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп отыр.
Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу