Дауыс беру бюллетендерінің 99 пайыздан астамы саналып біткен.
Биліктегі «Әділет және даму партиясын» сайлаушылардың 49 пайыздан астамы қолдады. Яғни, ол Заң шығарушы органдағы 316 орынды иеленбек. Осылайша, басқарушы партияның парламентте абсолюттік көпшілікке ие болып, бірпартиялық Үкімет құруға толық мүмкіндігі бар.
Екінші орынға оппозициялық «Халықтық-республикалық партия» 25,4 пайыз дауыспен жайғасты.
«Ұлтшылдар партиясына» халықтың 11,9 пайызы дауыс берсе, күрдтердің «Демократиялық халық партиясы» 10 пайыздан астам дауыс жинаған.
Парламенттік сайлау Түркияда 5 айда осымен екінші мәрте өтікізілуде.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ