Венада Сирия жөніндегі келіссөздер басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венада Сирия жөніндегі келіссөздер басталды

30.10.2015
Венада Сирия жөніндегі келіссөздер басталды
Келіссөздердің мақсаты – Сирияда бесінші жылға ұласқан азаматтық соғысты тоқтату.

Кездесудің негізгі қатысушылары – АҚШ, Сауд Арабиясы, Иран, Ресей. Алдыңғы екеуі – оппозицияға жақтас, соңғы екеуі Башар Асад үкіметін қолдап отыр.

Австриядағы жиыннан ешкім айтарлықтай нәтиже күтіп отырған жоқ. Өйткені, «Асад кетуі керек» деген үш сөз Мәскеу мен Вашингтонның, әр-Риад пен Тегеранның арасына көптен бері жік салып келеді.

Сириядағы қарулы жанжал 2011 жылы басталған. Содан бері 250 мыңдай адам қаза тауып, 11 миллион тұрғын елден босып, Таяу Шығыс пен Еуропаны үлкен миграциялық дағдарысқа ұшыратып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу