Зимбабвенің Хванга ұлттық саябағында цианидпен уланған пілдердің денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабвенің Хванга ұлттық саябағында цианидпен уланған пілдердің денесі табылды

30.10.2015
Зимбабвенің Хванга ұлттық саябағында цианидпен уланған пілдердің денесі табылды
Парк әкімшілігінің пікірінше, жануарлар браконьерлердің қолынан өлген.

Жалпы, қазан айының басынан бері қаскөйлер 60 шақты пілді өлтірген. Олар, әдетте, улы затқа толтырылған бөшкелерді су қоймалары жағасында қалдырып кетеді. Сондықтан, бұл жайт жергілікті билікті алаңдатуда.

Хванга саябағында қазір 53 мың піл бар. Ал бұрындары олардың саны екі есе көп болған.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу