Қазақстан-Қытай сауда айналымы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай сауда айналымы артып келеді

08.09.2014
Қазақстан-Қытай сауда айналымы артып келеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық жыл санап артып келеді. Қытайға жіберетін тауардың 50 пайызынан астамы - мұнай.

Қытай - Қазақстаннан ең көп мыс алатын ел. Биыл 35 мың тонна мыс, 78 мың тонна астық импорттаған.

Қазақстанға мұнай-газ үшін құбырлар, қазба жүргізгіш машина, бұрғылаушы, киім-кешек, құрылыс материалдары әкелінеді.

2015 жылға қарай Қазақстан мен Қытай сауда айналымның көлемін 40 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу