Өзбекстанда ажырасқандар 1000-2500 доллар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда ажырасқандар 1000-2500 доллар айыппұл төлейді

26.10.2015
Өзбекстанда ажырасқандар 1000-2500 доллар айыппұл төлейді
Өзбек үкіметі отбасын сақтау жолында белсенді күрес жүргізуде.

Республикада ажырасқандар мың доллардан екі жарым мың долларға дейін мемлекеттік баж салығын төлейді.
Статистикаға жүгінсек, Өзбекстанда жыл сайын 250-300 мың отбасы құрылады. Бірақ, 365 info.kz сайтының хабарлауынша, 2014 жылдың бірінші жартысында мұнда ажырасқандар саны оған дейінгі жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға өскен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу