Соңғы түскен ақпарға сай, армияға көмекке АҚШ-тан 130 әскери сарапшы барған. Олар барлау мәліметтерімен алмасумен бірге қарулы топқа қарсы іс-қимылды жоспарлауға қатыспақ.
«Ирак пен Левант исламдық мемлекеті» ұйымы елдің біраз бөлігін өзіне қаратты.
Сәрсенбіде жиһадшылар елдің ең ірі әуе базаларының бірін және бірнеше мұнай кенішін басып алған.
Кейбір мәліметтерге сай, ең ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан Байджи қаласы әлі де қарулы топтың қарамағынан шыққан жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ