Аргентина 13 жыл ішінде екінші мәрте дефолт жариялауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина 13 жыл ішінде екінші мәрте дефолт жариялауы мүмкін

26.06.2014
Аргентина 13 жыл ішінде екінші мәрте дефолт жариялауы мүмкін
Аргентина 13 жыл ішінде екінші мәрте дефолт жариялауы мүмкін. Бұл туралы елдің экономика министрі мәлімдеді.
 
Дүйсенбіде АҚШ-тың жоғарғы соты Аргентинаны инвесторлар алдындағы 1,5 миллиард долларға жуық қарызын өтеуге міндеттейтін шешім қабылдады.
 
Осыдан кейін «Стандард энд Пуэр» агенттігі елдің дефолтқа ұшырау мүмкіндігін жариялады.
 
Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, Буэнос-Айрестің инвесторлар алдындағы қарызы 15 миллиард долларға жуықтап қалуы мүмкін.
 
Яғни, бұл елге өзінің алтын валюта қорының жартысынан айырылып қалу қаупі төніп тұр.
 
Бұған қоса, қаржыгерлердің пікірінше, дефолттың әсерінен Аргентина экономикасына капитал ағымы азайып, бұл көптеген проблема туындатуы мүмкін.  
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу