Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жарыққа шығарған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітаптың шарапаты талай жанға тиіп отыр.
Ержан Ершенев пен Жандос Күшікпаев түрлі жиһаз жасаудың хас шебері. Бұл іспен айналысқандарына 7 жылдан асыпты.
Кәсіпкерлер алдағы уақытта цехты бұдан да кеңейту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алмақ.
Бір саламен ғана шектелмей, кітаптағы тағы бір бизнес жоспарды іске асырмақ.
Бүгінде осы кітапты пайдаланып, тек Көкпекті ауданының 10-нан астам тұрғыны түрлі салада жаңа іс бастауға ниет білдіріпті.
Берік КӨШЕРБАЕВ