Сүнниттік содырлар тағы 4 қаланы басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүнниттік содырлар тағы 4 қаланы басып алды

23.06.2014
Сүнниттік содырлар тағы 4 қаланы басып алды
 
Иракта сүнниттік содырлар тағы 4 қала мен 3 шекара бекетін басып алды. Қазір олар Бакуба шаһарын бағындыруға күш салып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымының қарамағына елдің айтарлықтай бөлігі өткен.
 
Жиһадшылардың ендігі мақсаты – Бағдадты алу. Үкімет болса, АҚШ-тан, Еуропа одағынан, Біріккен Ұлттар Ұйымынан шұғыл көмек сұрап отыр. Бүгін күтпеген жерден Бағдатқа АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри барды.
 
Бұл сапардың мақсаты – Иракта барлық конфессиялардың мүддесіне қызмет ететін жаңа үкімет құру мәселесін талқылау. Айта кетсек, Ирактың қазіргі премьер-министрі тек шиит мұсылмандардың қамын ойлап, сүнниттерді өзіне қарсы қойып, елді бүгінгі жағдайға жеткізгені үшін қатаң сынға ұшырап отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу