Оңтүстік Кореяда 5 сарбазды өлтірген шекарашының жасырынған жері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда 5 сарбазды өлтірген шекарашының жасырынған жері анықталды

23.06.2014
Оңтүстік Кореяда 5 сарбазды өлтірген шекарашының жасырынған жері анықталды
Оңтүстік Корея әскерилері сенбі күні бес сарбазды өлтіріп, жетеуін жаралаған шекарашының жасырынған жерін анықтап, оны қоршауға алды. 
 
Күдіктінің ата-анасы да оқиға орнына барып, телефон арқылы ұлдарымен келіссөз жүргізіп жатыр.
 
Үшінші күн іздеуде жүрген қарулы сарбазды қолға түсіруге снайперлер де тартылған. 
 
Бұған дейін шекарашы өзінің ізіне түскен әскерилермен оқ атысып, бір офицерді жаралаған.
 
Оқыс оқиға елдің Косон уезінде Солтүстік Кореямен арадағы шекарада болған. Әскери күзеттен шыққан сарбаз қаруластарын белгісіз себептермен атып өлтіреді.
 
Іле-шала мылтық, граната алып, қашып кеткен. Кей мәліметтерге қарағанда,  сарбазға әскери өмірге бейімделу оңайға соқпаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.    
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу