Кабулде әділетсіз сайлауға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде әділетсіз сайлауға қарсы шеру өтті

21.06.2014
Кабулде әділетсіз сайлауға қарсы шеру өтті
Кабулде шеру өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Көшеге шыққан халықтың сөзіне сенсек, президенттік сайлаудың нәтижесі екінші турда жаппай бұрмаланған. Ал, мемлекет басшылығына негізгі үміткер Абдулла Абдулла бюллетен санауды тоқтатып, өзін жеңімпаз деп мойындауды талап етіп отыр.
 
Айта кетсек, Абдулла 44 пайыз дауыс жинады. Бірақ, оның қарсыласы Ашраф Ахмадзайдың да жеңіске жетуі мүмкін екені хабарланып отыр. Даудың немен тынары белгісіз. Жоспар бойынша, президенттік сайлаудың ресми қорытындысы шілденің 22-де жариялануы керек.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу