Су апатынан әсіресе, Варна қаласы қатты зардап шеккен.
Мұнда электр жарығы өшіп, жолдар жабылып, талай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, шаһардың айналасындағы бірнеше ауыл да суға кеткен.
Синоптиктердің хабарлауынша, аймақта соңғы 24 сағатта бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауған.
Сондай-ақ, бүгін Болгарияның шығысы мен теріскейінде күн қайта күркіреп, тағы да жауын жауады, деген болжам бар.
Арыстан РЫСБЕК