Израиль жауынгерлері жасөспірімді атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль жауынгерлері жасөспірімді атып өлтірді

20.06.2014
Израиль жауынгерлері жасөспірімді атып өлтірді
Израиль жауынгерлері Иордан өзенінің батыс жағалауында рейд жүргізіп, бір палестиналық жасөспірімді атып өлтірді. 
 
Оқиға Хеврон қаласының маңындағы Дура ауылында болған. Оққа ұшқан бала дереу жақын маңдағы госпитальге жеткізілген. Дәрігерлер оның өлгенін ресми түрде растап отыр.
 
Айта кетсек, Израиль әскері бұл ауданда 8 күн бұрын жоғалып кеткен үш жасөспірімді таба алмай отыр. Оларды іздеу операциясы аясында 280 палестиналық тұтқындалған.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу