Бразилияның Сан-Паулуында шерулер тоқтайтын емес. Осы жолғы акцияны «Тегін жүру» қозғалысы ұйымдастырған. Шерушілер қоғамдық көліктерді ақысыз етуді және әлеуметтік бағдарламаларды молырақ қаржыландыруды талап етті.
Олардың ойынша, үкімет Футбол чемпионатына ақша бөлгеннен гөрі білім, денсаулық, транспорт саласына көбірек қолдау көрсетуі керек. Наразылық акциясы барысында кейбір манифестанттар екі банк пен автосалонға шабуыл жасап, олардың есік-терезелерін қиратқан.
Арыстан РЫСБЕК