Грекия астанасы Афины орталығына 5 мыңнан астам зейнеткер жиналды. Оларды үкіметтің зейнетақыны тағы да қысқарту жоспары ашындырған. Айтуларынша, дағдарыс басталғалы олардың зейнетақысы 40-50 пайызға қысқарып, қариялар кедейшілік кебін киген.
Алайда, үкімет елді қаржылық қысылтаяңнан шығару үшін халықаралық кредиторлардың талабы бойынша бюджеттік шығындарды мейлінше азайтуға мәжбүр.