Усэйн Болттан тез жүгіретін робот жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Усэйн Болттан тез жүгіретін робот жасалды

19.06.2014
Усэйн Болттан тез жүгіретін робот жасалды
Оңтүстік Кореяда әйгілі желаяқ Усэйн Болттан да тез жүгіретін робот жасалды. Динозавр кейпіндегі механикалық құрылғыны Корея Ғылым және технология институтының мамандары журналистерге көрсетті.
 
Жаңа робот қазір жетілдіріліп жатыр. Усэйн Болт 10 секундта 100 метрге жетсе, бұл робот одан екі есе жылдам жүгіреді екен.
 
Өнертапқыштардың сөзіне қарағанда, мұндай техниканы болашақта әскери қызметке, барлауға және құтқару операцияларына қолдануға болады.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу