Бразилияда баспанасыздар үй құрылысына инвестиция талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда баспанасыздар үй құрылысына инвестиция талап етті

19.06.2014
Бразилияда баспанасыздар үй құрылысына инвестиция талап етті
Сан-Паулуда мыңдаған адам көшеге шығып, үкіметке наразылық білдірді. Демонстрацияны елдегі «Үйсіз жұмысшылар қозғалысы» ұйымдастырған. Олардың билікке қояр негізгі талабы – қолжетімді баспанаға көбірек инвестиция салу.
 
Кейбір мәліметтерге қарағанда, футболдан Әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Олимпиада қарсаңында бұл мемлекетте 170 мыңдай отбасы тұрғылықты жерінен көшіріліп, босаған аудандарға стадиондар мен өзге де нысандар салынған.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу