Вашингтон Ирактың әскери көмек сұрағанын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Ирактың әскери көмек сұрағанын растады

19.06.2014
Вашингтон Ирактың әскери көмек сұрағанын растады
Америка Иракта тағы да соғысуға әзір тәрізді. АҚШ Қолбасшыларының біріккен штабының төрағасы Мартин Дэмпси Бағдадтың әскери көмек сұрағанын растады. «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы тұру – біздің ұлттық қауіпсіздік мүддемізге сай», - дейді америкалық генерал.
 
Иран да шииттік одақтасын сүнниттік содырлардан қорғауға әзір. Мұны президент Хасан Роухани ескертті. Оның сөзіне қарағанда, Иранда талай адам Ирак қалаларын қорғау үшін соғысқа аттануға келісім берген.
 
Ал, Иракта өткен аптада бірнеше қаланы басып алған жиһадшылар этникалық түркімендердің ауылына шабуыл жасап, оны ала алмады. Жергілікті полиция мен қарулы топтар үлкен қарсылық көрсетіп, сүнниттерді Киркук маңындағы Башир елді мекенінен қашуға мәжбүр еткен.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу