Айта кетсек, «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымы өткен аптада Ирактың теріскейінде бірнеше ірі қаланы басып алып, бүгінде Бағдадты бағындыруға күш салып жатыр.
Сонымен қатар, сүнниттік содырлар сәрсенбі күні елдегі ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Ирактағы жанжал әрі қарай өрши беретін болса, энергетикалық отынды дүниежүзілік нарыққа шығару қиындап, әлемде «қара алтынның» бір баррелінің құны 125-150 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК