Қазақстан мұнайының үштен бір бөлігі Италияға жөнелтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұнайының үштен бір бөлігі Италияға жөнелтіледі

05.09.2014
Қазақстан мұнайының үштен бір бөлігі Италияға жөнелтіледі

2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында Италия мемлекетіне жөнелтілген өңделмеген мұнай былтырмен салыстырғанда 13 пайызға өскен.

Осылайша, Италия Қазақстан мұнайының отыз пайызға жуығын өзіне таситын ең алып тұтынушы болып отыр.

Жарты жылда Апенин түбегіне құны 10,3 миллиард доллар болатын 12,6 миллион тонна мұнай тасымалданған.

Айта кетейік, италиялық «Аджип» компаниясымен Қазақстан арасындағы мұнай өңдеу туралы келісімшарт 1992 жылы жасалған.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу