Әлемдегі ең сирек марка 9,5 миллион долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең сирек марка 9,5 миллион долларға сатылды

18.06.2014
Әлемдегі ең сирек марка 9,5 миллион долларға сатылды
Нью-Йорктағы аукционда әлемдегі ең сирек Британдық Гвиана маркасы 9,5 миллион долларға сатылды. Бір кездері құны 1 центті құраған марка - коллекционерлер үшін таптырмайтын бағалы экземпляр.
 
Саудаланған марка бір кездері Британияның отары болған Британдық Гвианада 1856 жылы басылған жинақтан қалған жалғыз ғана дана екен. Айта кететін жайт – өте сирек марка британдық корольдік отбасының жеке жинағында жоқ.
 
АрайТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу