Киркукта күрдтер жиһадшылармен күресіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киркукта күрдтер жиһадшылармен күресіп жатыр

18.06.2014
Киркукта күрдтер жиһадшылармен күресіп жатыр
Ирактың мұнайға бай Киркук провинциясында күрдтер «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» қарулы тобымен қақтығысты. Мына бейнежазбада әскериленген Пешмерга күштері жиһадшыларға қарсы зымырандардан оқ жаудырып жатыр.
 
Әзірге, қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Соңғы түскен мәліметке сай, радикалды топ сейсенбіде Әл-Азым мен Әс-Саадия атты екі елді мекенді басып алған.
 
Содырлар бұл жерлерде барлық үкіметтік мекемелерді бақылауға алып, қызметкерлерін күшпен ұстап отыр. Енді олар Байджи қаласындағы елдің ең ірі мұнай өңдеу зауытына шабуылды бастады.
 
Бұдан бөлек, Бағдатта шииттер тұратын Садр-сити ауданында көліктің күлі көкке ұшып, 13 адам қаза тапты. 30 тұрғын жараланған. Шабуыл адам көп шоғырланған базар жанында болды. 
 
АрайТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу