Михаэль Шумахер комадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаэль Шумахер комадан шықты

16.06.2014
 
«Формула-1» жарыстарының 7 дүркін чемпионы Михаэль Шумахер есін жиды. Бұл туралы әйгілі автошабандоздың менеджерінің мәліметіне сүйеніп, неміс бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр.
 
Оған сай, науқастың жағдайы тұрақты және ол сауығу кезеңін жалғастыру үшін ауруханадан шықты.
 
Жадыңызға салайық, спортшы былтыр Францияның «Мерибель» шипажайында шаңғымен сырғанап жүріп, басын жарақаттады. Содан бері оған бірнеше операция жасалған еді.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу