Қытай соты Үрімші қаласында 3 адамды өлім жазасына кесті. Үкімге сай, тағы біреуі өмірбақи бас бостандығынан айырылып, 4 кісі 5 жылдан 20 жылға дейін түрмеге қамалды.
Олар былтыр қазанда Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында теракт ұйымдастырды, деп айыпталып отыр. Сол кезде «Jeep» көлігі мұражай жанында бір топ адам арасына кіріп, жарылды.
Оқиға кезінде 5 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланған. Қытай билігі шабуылға Шығыс Түркістан тәуелсіз мемлекетін құруды көздейтін ұйғыр сепаратистерін кінәлап отыр.