Иракта жиһадшыларға қарсы күрес тоқтамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта жиһадшыларға қарсы күрес тоқтамайды

14.06.2014
Иракта жиһадшыларға қарсы күрес тоқтамайды
Ирактың премьер-министрі Нүри әл-Мәлики елді ойрандатқан «Ирак және Левант ислам мемлекеті» радикалды ұйымына тойтарыс берілетінін мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, содырларға қарсылық көрсетпей, қашып жатқан әскерилер қатаң жазаланбақ. Қарулы топқа қарсы күреске  мыңдаған ерікті қосылды. Соңғы түскен ақпарға сай, қарулы топ Ирак пен Сирия шекарасындағы өткізу, бақылау пунктін басып алды. Ал, осы аптада олар Найнава провинциясы, оның әкімшілік орталығы Мосул мен Тикрит және де тағы да басқа қалаларды өзіне қаратты. Қазір олар ел астанасы Бағдатқа беттеп барады. Жағдай тұрақталмаса, Ирак елі сүнниттік, шииттік және күрдтік бөліктерге ажырауы мүмкін деген қауіп бар. Ирактағы жиһадшыларға қарсы күресуге Иран және АҚШ мемлекеттері көмектесуге ниет білдірді.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу