АҚШ Иракта әскери операция бастауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Иракта әскери операция бастауы мүмкін

13.06.2014
АҚШ Иракта әскери операция бастауы мүмкін
Ақ үй басшысы Барак Обама  АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төнсе, Иракта әскери операция бастауы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
 
Құрама Штаттар президентінің айтуынша, Вашингтон Иракта жиһадшылардың бекінуіне жол бермейді. 
 
Ал, Ирактағы жағдай туралы түрлі ақпарат түсіп жатыр. Мосулды басып алып, тұрғындарға  тәртіп кодексін енгізген радикалды топ ел астанасы Бағдаттан 150 шақырымдағы Тикрит қаласын бағындырған.
 
Бұл өңірлерден қашқан жүздеген мың тұрғын күрдтер бақылауындағы аймақтарда бас сауғалап жүр. Енді, содырлар мұнайға бай - Киркук қаласын басып алуды көздейді.
 
Соңғы түскен мәліметтерге сай, Ирак әскері қарулы топтың Самарра қаласындағы шабуылын тойтарған.
 
Аймақ елдері Ирак үкіметін жиһадшыларға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін сынға алды.    
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу