Содырлар 80 түрік азаматын кепілге алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Содырлар 80 түрік азаматын кепілге алды

13.06.2014
Содырлар 80 түрік азаматын кепілге алды
Анкара  Ирактың Мосул қаласында қарулы топтың қолына түскен  80 түрік азаматын босату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
 
Кепілдегілердің бәрі аман. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлы мәлімдеді.
 
Бұған дейін, билік өкілдері өз азаматтары жапа шегетін болса, содырлардан кек алатынын ескерткен.
 
Естеріңізге салайық, кеше радикалды «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» ұйымы Мосулдағы Түркияның консулдығын басып алып, оның 49 қызметкерін кепілге алды. Бұған дейін 31 түркиялық көлік жүргізушісі содырлардың қолына түсті.
 
Кейбір мәліметтерге қарағанда, кепілдегілер қарулы топтың Мосулдағы штаб-пәтерінде қамауда отыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу