Паркинсон ауруына шалдығып, арбаға таңылған Ақ үйдің бұрынғы басшысы Мэн штатында 1800 метр биіктіктен секірген. Бұл әрекеті арқылы ол қарт адамдар да қиын мақсаттарды алдына қоя білетінін басқаларға жеткізбек болыпты.
Үлкен Буш бұған дейін парашютпен 8 мәрте секірген екен. Ал, алғаш рет экс-президент ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде өзі мінген ұшақ Тынық мұхитында жарылғанда, парашютпен секірді.