Мосул қаласынан қашқан адамдардың саны жарты миллионға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мосул қаласынан қашқан адамдардың саны жарты миллионға жетті

11.06.2014
Мосул қаласынан қашқан адамдардың саны жарты миллионға жетті
Бүгін әлем назары Иракқа ауып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл елдің Мосул қаласынан қашқан адамдардың саны жарты миллионға жуықтап қалды.
 
Олардың арасында формасын тастаған жауынгерлер мен полицейлер көп. Ал, осы шаһарды кеше басып алған «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымының содырлары өзге қалаларды да бағындырып жатыр.
 
Олардың қарамағына бүгін Ирактың солтүстігіндегі Ниневия провинциясы түгел өтті.
 
Сүннит мұсылмандардан құралған жиһадшылар өздері жаулап алған елді мекендерге қара ту тікті. Ал, шииттерден сайланған премьер-министр Нұри әл-Мәлики парламентті елде төтенше жағдай жариялауға шақырып отыр.
 
Кейбір сарапшылардың пікірінше, дәл осы премьердің сүнниттерді кемсіту саясаты Иракты бүгінгі этникалық және діни жанжалға ұрындырып отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу